$ 447.4  477.55  4.76

Шымкенттен шыққан ең танымал өнер жұлдыздары кімдер? (ФОТО)

Сахна төрінде жүрген өнер иелері арасында Оңтүстік Қазақстан өңірінің тумалары көп деп жиі айтылады. Назарларыңызда Шымкенттен шыққан жұлдыздар тізімі.

Қайрат Нұртас – Оңтүстік Қазақстанның Түркістан қаласында дүниеге келген. Әр әні тыңдарман жүрегінен орын алатын, хитмен әншінің бүгінде жары Жұлдыз да өнерге қадам басты. Қайрат пен Жұлдыз бүгінде төрт бала тәрбиелеп отыр.

Сәкен Майғазиев - Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. «Музарт» тобының әншісі. Бүгінде жары Динарамен үш баланың ата-анасы.

Қайрат Түнтеков – Шымкент қаласының тумасы. Ол 2005 жылы «Superstar» жобасынан жұлделі орын алып, халыққа танылған болатын. Өмірінде болған келеңсіз оқиғадан соң, қазақстандық «I am a singer» жобасының жүлдегері атанды. Жұлдызы қайта жанған әнші жақын арада халыққа жеке концертін өткізеді.

Заттыбек – «Ақ Маржан» әнімен танылған әнші Бәйдібек ауданында дүниеге келген. Әндерінің барлығы дерлік «хитке» айналатын той әншісінің бүгінде сүйікті жары және бір қызы бар.

Алтынай Жорабаева – Бейнеткеш ауылында өмірге келген Алтынайды бүгінде ел таниды. Тіпті президентіміздің өзі қолын алып, тілегін айтты. Алтынай - төрт қыз тәрбиелеп отырған ана.

Жігіттер квартеті – 2003 жылы Шымкенттік жігіттер құрған топ. «Жігіттер» квартеті төрт жігіттен тұрады. Олар: Ердос Қанаев, Бағлан Әбдірайымов, Айдар Байжанов, Мырзахан Маханов. Биыл топ өздерінің 15 жылдығын атап өтті.

Айдай Исаева – «Қазақстан аруы – 2013» атағын жеңіп алған шымкенттік ару. Ол 2015 жылы Мақсат Мамытханға тұрмысқа шықты. Бейнебаяндарға түсумен және сәнгерлік бизнеспен айналысатын Айдай бір баланың анасы.

Әбдіжаппар Әлқожа – Роза Әлқожаның кенже інісі бүгінде әндерімен жастардың көңілінен орын тапқан. Оның «Тәтті ару», «Махаббатсыз өмірді кім сүрмек» әндері «хитке» айналып үлгерді. Ал әнші жеке өмірін құпия ұстайды.

Нұржан Төлендиев – «Тука» есімімен танымал Шымкент өңірінің тумасы. «Шаншар» театры арқылы аты шығып, елді күлкіге қарық қылатын актер алты баланың әкесі.

Ләйлә Сұлтанқызы – белгілі тележүргізуші де Шымкент өңірінде дүниеге келген. «Әйел бақыты» , «The эфир» бағдарламаларымен танымалдылыққа қол жеткізген Сұлтанқызының «Екінші кітабым», «Әйел» атты кітаптары да жарық көріп үлгерді.

 Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары