Айдарбековтер әулеті өткен жылы дүркіретіп той жасап, үйлеріне тағы бір келін қондырған еді. Кешегі күні дәл осы кіші келінінің атынан Нұртас Айдарбеков халықтан кешірім сұрады. Не үшін?
Келіндік қызметінде ғана емес, әлеуметтік желідеде белсенді Айгерім Саркенова – Қайрат Нұртастың інісі Аянның жары. Жаңа отбасында сіңісіп, келіндік қызметін жақсы атқарып жүргенін Гүлзира Айдарбекованың толассыз жариялаған видеоларынан-ақ байқауға болады. Бірде Айгерімнің үстелді жайнатып, шәй құйып отқанын көрсек, бірде өзінің кенже қызындай еркелетіп отырған бақытты ененің кейпін көреміз. Бірақ, бұл Гүлзира Айдарбекованың жазбаларынан түйген ой, ал Айгерім былай депті:
«Мен Астанада туылғанмын, 23 жыл бойы осында өмір сүріп келемін. Бойымда ағып жатқан қазақтың қаны. Руым — арғын. Мамандығым – аудитор болғанымен, ол салада жұмыс істеген емеспін. Оқумен қатар әрдайым жазғы демалыста жұмыс істеуге тырысатынмын, сондықтан қаржылай жағынан тәуелсізбін.
Дебат, шешендік өнерімен айналысып, көшбасшылық пен кәсіпкерлік, келіссөз жүргізуге қатысты барлық мүмкін деген тренингтер мен семинарларға барғанмын. Мен махаббат мен сыйластық, түсіністік бар отбасында өстім. Ата-анамның жұбайлық өмірі әрдайым маған үлгі болды. Бірақ білесіздер ме, бұл өмірде менің екі есе жолым болды, себебі дәл сондай тағы бір ата-анаға ие болдым.
Көпшілігіне менің күйеуімнің немен айналысатыны қызық, бірақ қысқаша жауап берсем, ол – кәсіпкерлікпен айналысады», – деді.
Қысқасы, Айдарбековтер әулетінің кенже келіні ата-анасына риза. Асты-үстіне түсіп, кір жуытпай екі келіні әлеуметтік желіде мақтап жататынын бұл бірінші байқағанымыз емес.
Десе де, Айгерім өзінің кемшіл тұстарын да атап өтті:
«Қазақша сөйлей аламын ба? Үйде сөйлеймін, көпшілік ортада қысыламын. Қанша көңіл мұңайтарлық болса да, мен әзірше қазақша үйреніп жүрмін.
Болашақта міндетті түрде үйреніп аламын», – деді ол.
Келінінің бұл жазбасы жақпай қалған болуы керек, Нұртас Айдарбеков келінің бұл жазбасына пікір қалдырып, халықтан кешірім сұрады:
«Құрметті ағайындар! Менің кызым сіздерге ойын дұрыс жеткізе алмапты. Ренжімеңіздер, ол қазақша сөйлейді, тек кішкене келмей қалатын жерлері бар.
Соны сіздерге айтып жеткізе алмады, айыпқа бұйырмаңыздар!
Алла жазса талпынысы өте жоғары. Оу құлыным-ау сол!», – деп жазды ол жазба астына.
Қысқасы-осы. Қайын атасының бұлай неге күйіп-піскен білмейміз. Бірақ, келінін «құлыным» деп атағаны көпшілікке ұнағанын жаудырған жылы лебіздерінен білуге болады.
Дереккөз: 365info.kz