$ 494.87  520.65  4.91

Сүйінші! Биыл Баян Алагөзова сәбилі болады

Былтыр Тұрсын Алагөзовпен тұрмыс құрған Баян Алагөзова (Есентаева) биыл сәбилі болуы мүмкін. Бұл туралы танымал нумеролог Клара Күзденбаева 31 арнадан шығатын «Айта берсін» бағдарламасында мәлімдеді.

«Биылғы жылы продюсер шарықтап, атаққа кенеліп, дүниеге сәби әкеліп, көшуі мүмкін. Баян жарады. Өткен жолы оның шыдамдылығының мықтылығын айтқан болатынмын. Ол мақсаттарына жете біледі. Қайсар мінезді. Мұндай адам жеткен жетістігіне мастанып отыра бермейді», — деді көріпкел Баян Алагөзованың жұлдыздарына қарай отырып.

Ал, Алагөзованың Instagram-парақшасындағы жазбаларына қарағанда сәби сүюден қашпайтын сияқты.

«Кларамен 8 жылдан бері таныспыз. Оның болжамдары бүгінге дейін рас келді», – деді продюсер.

Айта кетейік 2016 жылы да нумеролог танымал продюсердің өмірінде қиын кезеңдер болатынын ескерткен еді. Айтқаны айтқандай келді. Күйеуі Баянға қол жұмсап, түрмеге түсті. Соңында ажырасып тыңды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары