Мәдениет & Шоубиз 11.02.2018 сағат 05:26

Ең үздік әнші: Димаш Құдайберген Қытайда тағы бір атаққа ие болды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Top global Chinese music awards жүлдесінің "Жылдың ең танымал әншісі" номинациясында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«CCTV телеарнасы жыл сайынғы Top global Chinese music awards атты марапаттау кешін өткізуде. Бүгінгі кеште "Жылдың ең танымал әншісі" номинациясында екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанып отырмын. Сіздерді қатты жақсы көремін, махаббаттарыңызға үлкен рахмет", - деп жазды Димаш Инстаграмдағы өз парақшасына.

Айта кетейік, «Singer 2017» ән додасында екінші орын алғаннан кейін Димаштың Қытайда және басқа да елдерде танымалдылығы арта түсті. 2017 жылы ол Қытайдың бірқатар жүлделерін жеңіп алды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар