$ 449.58  486.94  4.86

Қайрат Нұртасты тыңдарманы «Таразға келме» деп боқтап тастады

Қайрат Нұртасты тыңдармандарының бірі боқтап, оның желідегі жазбасының астына «Таразға келме» деп пікір қалдырды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram-парақшасындағы stories-ына жазды.

Әншінің «Сүйген  қалам» атты жаңа туындысында көптеген қалалардың аты аталады. Өлең жолдарынан өз жерін таба алмаған желі қолданушысы Қайрат Нұртасты боқтап тастаған. Онысымен қоймай, ол: «Тазарға енді келме» деп тұрып жазба қалдырған.

Айта кетейік, әнші осыдан 5 күн бұрын «Сүйген қалам» атты туындысына байқау жариялағанын мәлімдеген еді. Онда 1 млн теңге қаржылай сыйақы мен iphone 8 ұялы телефонын ұтыс ретінде ұсынған. Ол үшін қатысушылар бар болғаны өз қаласын видеоға түсіріп, әншіге жолдауы керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары