$ 444.22  476.38  4.82

Ерлан Біләлдің орнына Асхат Маемиров тағайындалды

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ драма театрына жаңа директор болып Асхат Мақсымұлы Маемиров тағайындалды деп жазады Tengrinews.kz театр баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асхат Мақсымұлы Маемиров Қазақстан Республикасы президенітінің "Болашақ" халықаралық степендиясының иегері. 2008 жылы Université Sorbonne Nouvelle Paris университетінде білімін жетілдірген (Франция, Париж). 2010 жылы Ресейдің атақты ГИТИС өнер академиясында театр өнері бойынша магистр ғылыми атағын алды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015), қазақстандық театр режиссері. Қазақконцерт өнер бірлестігінің бас директоры (2017 жылдан). Философия ғылымдарының докторы (PhD 2016). 

Еске салайық, 7 ақпанда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ драма театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләлге қатысты сот үкімі шыққан еді. Ол оның алдында пара алып жатып ұсталып қалған. Енді Біләл қамалмауы үшін мемлекет қазынасына 52 миллион 500 мың теңге аударуы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары