Соңғы кездері Баян Алагөзова мен Меруерт Түсіпбаева арасындағы дау-дамай өршіп тұр. 31 арнаға берген сұхбатында Түсіпбаева Баянның өзі үшін ешкім емес екенін айтты.
Енді міне араға біраз уақыт салып тыныштық орнағандай еді. Алайда, Меруерт ханым өз кезегінде Баянға тағы бір мәрте тіл тигізіп үлгерді.
"Ол Баян ба, саян ба, қоян ба, бай ма, кедей ме, танымал ма, танымал емес пе – маған бәрібір. Мен өз пікірімді білдіруге құқылымын”, – деп бастады сөзін Түсіпбаева. Мен мемлекеттің еңбек сіңірген қайраткерімін. Құдайға шүкір, елге сіңген еңбегім баршылық. Президентіміздің өзі қол қойған, ол қазір Халық артисі деген атаққа теңестірілген. Менің пікірім пікір, Баян ешкім емес", – деді әнші 31 арнаға берген сұхбатында.