Басы дауға қалған Төреғали Төреәлі журналистерге арнап бейнебаян түсірді. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді.
Әнші бейнебаянының тезисінде бірнеше журналистің Төреғали хақында репортаж жасап тұрған сәті көрсетіледі. Сюжеттерді көгілдір экраннан көріп отырған әнші теледидарды дереу өшіріп тастайды.
Төреғалидің бұл жарнамасын желі қолданушылары журналистерге жауап ретінде шығарған әні деп болжап жатыр. Ал туындының ел назарына қашан ұсынылатыны әзірге белгісіз.