18.02.2018, 10:17

Фильмде жасөспіріммен төсектес болған актриса енді Динара Назарбаеваның ролін сомдамақшы

Танымал отандық актриса, «Келін» фильмінде басты рольді сомдаған Гүлшарат Жұбаева енді Президенттің ортаншы қызы Динара Назарбаеваның кейпіне енбек. Атап айтқанда, ол режиссер Ақан Сатаев түсіріп жатқан «Путь Лидера» фильмінде Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы болып ойнайды.

Бұл туралы актрисаның өзі Ratel.kz порталына берген сұхбатында мәлімдеді. Әңгіме барысында ол отандық кино өнері туралы, эстрада мен шоу-бизнес және қазақ телевизиясы туралы өз ойымен бөліскен. Сондай-ақ, жеке өмірі мен жоспарлары жайында айтып берді.

«Жуырда ғана «Путь Лидера» атты режиссер Ақан Сатаевтың  көркем фильмі түсірілді. Сонда  президентіміздің ортаншы қызы Динара НАЗАРБАЕВАЕЫҢ рөлінде ойнап жатырмын. Айтарлықтай үлкен емес, эпизодтық рөлдемін. Қыстағы түсірілімін тәмамдадық. Енді қалғаны жазда жалғасады. Бұйырса, тарихи туындыға айналады деген ойдамын», - деді Гүлшарат Жұбаева.

Еске салайық, «Келін» фильмі 2009 жылы көпшілікке көрсетілген болатын. Онда бірнеше эротикалық кадрлар бар. Атап айтқанда, келіннің ролін сомдайтын Гүлшарат Жұбаева жесір қалып, әмеңгерлік салты бойынша кішкентай қайнысына қосылады. Сондай-ақ, ол аңшымен де жыныстық қатынасқа түскен. Ақыр соңында бақсы енесімен жалғыз қалып, әкесі белгісіз баланы туып алады.