$ 448.15  483.46  4.86

Тоқал болған жалғыз мен емеспін! Ақбота Сейітмағамбет екінші әйел болудың қандай екенін айтты

Әнші Ақбота Сейітмағамбет тоқал болған жалғыз өзі емес екенін айтты. Десе де біреудің екінші әйелі болуға ешкімге кеңес бермеймін деген ол өкінетінін де жасырмады.

«Тоқал болған жалғыз мен емеспін. Одан соң, біреуге тоқал бол, екінші әйел бол деп жүргем жоқ. Бұл — ерсі қылық. Дұрыс емес, әрине. Бірақ одан зорғысы да болып жатады ғой өмірде. Мысалы, біреулердің жағдайы жоқ. Біреулері зорланған, баласын тастап кеткен, әйелі күйеуін немесе күйеуі әйелін өлтірген. Осындай қиын жағдайлар көп. Бірақ неге менің ғана өмірім қызық осы елге? Түсінемін, елдің алдында жүрген соң, сөз қылады, қызық бәріне.

Өкінемін, қайғырамын ғой, осы әрекетім дұрыс болмады деген ой менде болған жоқ. Себебі, маған Алла ұл сыйлады. Неге мен өкінуім керек? Мен керісінше, ұлымды әрі қарай өсіруім керек. Қайғырып, өмір бойы өкініп өтетін адам емеспін», – деді әнші «Астана» арнасынан шығатын «Ел аузында» бағдарламасында.

Айта кетейік, Ақбота Сейітмахамбет КВН ойыншысы, әзілкеш Дәурен Айдарқұловпен «Гламир для дур» фильмінен кейін жақын араласа бастаған еді. Кейін Айдарқұлов өзіне үш бала сыйлаған екінші әйелін тастап, Ақботамен отбасын құрған болатын. Үйлену тойын жасамағанымен олар мұсылмандық некелерін қидырғандарын айтқан. Кейін көп ұзамай, «түсінісе алмадық, айырылыстық» деп сұхбат берген. Қазір олардың ортақ некелерінен бір ұл бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары