Құрылғанына 10 жылдан асқан «Кешью» тобы күні кеше ғана көпшілікке жаңа бейнебаян ұсынды. Десе де бір күн ішінде 225 мың адам тамашалаған туындыға сын айтуышылар қарасы көп.
Клипте қыздар ашық-шашық киініп, бейәдеп қылық көрсетеді. Олардың бұл образын «Аюми» тобына ұқсатқандар да бар.
«Кешью» бұзылған», «Баян қыздарды құртты», «Мына клиппен-ақ бұларды сотқа беруге болады ғой «порнографияны насихаттады» деп», «Baller, алға. Сен үшін көрдім», – деді желі қолданушылары.
Бейнебаянды ұнатқандар да бар.
Айта кетейік, клип 8-наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында ел назарына ұсынылатын «Сиситай» фильмінің саунтрегі.