$ 446.49  475.38  4.79

Суқаным сүймейді: Мақпал Исабекова той-бизнесте жүрген әріптестерін сынап тастады

SuperStar KZ жобасы арқылы көпке танылған эстрада әншісі Мақпал Исабекова қазіргі той-бизнес саласында жүрген әріптестерін сынап тастады. Оның ойынша, өнерді бұлай қорлау дұрыс емес.

«Қазір той әншілері көбейіп кетті. Соларды суқаным сүймейді. Неге? Себебі, біз тыңдармандарды тәрбиелейміз. Ал қазір эстраданың 60 пайызы той әндері боп кетті. Бір сөзбен айтқанда, ақша үшін бәрін жасап жатыр. Ертең балаларымыз бізден «қандай ән тыңдадыңыздар?» дегенде қазіргі әндерді қалай ұялмай көрсетеміз? Сондықтан ақшаға құнықпай, соңыма не қалдырамын деп аз да болса ойлануы керек», – дейді әнші The Эфир бағдарламасына берген сұхбатында.

Исабекова қазір жаңа жобаларды іске асырып жатқан көрінеді. Бұл тақырыпты әзірге ашып айта алмаймын деген ол айналысып жатқан жұмысын өнердің айналасы деп қана түсіндірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары