"Қалаулым" бағдарламасының жүргізушісі Аша Матай тікелей эфирде этикеткасы алынбаған киім киіп шығып, ұятқа қалды. Студияда отырған көрермендердің бірі оны түсіріп, желіге жүктеген.
"Қалаулым" бағдарламасында Аша Матай дүкендегі көйлектерді этикеткасымен киіп келеді екен ғой. Кері қайтарып тапсырып жібереді екен", – деді видео авторы.
Айта кетейік, Аша Матай "Еуразия" телеарнасындағы атышулы "Қалаулым" бағдарламасын жүргізеді.