$ 444.22  476.38  4.82

Төреғали қалып кетті! Премияға үміткерлер арасында Димашқа дауыс бергендер саны көп

Желіде «Тикетон» премиясына үміткерлерге арналған дауыс беру науқаны жүріп жатыр. Солардың ішінде «Қазақстандық жыл концерті» аталымы бойынша Димаш Құдайберген, Қайрат Нұртас, «91» тобы және Төреғали Төреәлі ұсынылған.

Дәл қазір Димаш Құдайберген – 12 825, «91» тобы – 12 194, Қайрат Нұртас – 264, ал Төреғали Төреәлі – 95 дауыспен ең соңғы орында тұр.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлінің беделіне былтыр желтоқсандағы оқиға кері әсерін тигізген болатын. Павлодардағы концертте әнші залда отырған көрермендердің біріне дауыс көтеріп ұрысып, оны балағаттап тастаған еді. Көпшілік жұрт Төреғалидің бұл сәтте мас болғанын айтқанын айтып жүр.

Бұл оқиғадан кейін әнші халықтан бірнеше рет кешірім сұрағандай болған. Алайда, әншінің осынша дауыс жинағанына қарағанда жұрт оны әлі кешіре қоймаған секілді.

Айта кетейік, «Тикетон» премиясы мәдениет, өнер және спорт саласы бойынша жыл бойы халыққа еңбегі сінген жандарға табысталады. Марапат көпшіліктің дауыс беруімен шешіледі. Жеңімпаздар наурыз айының 2-сі күні анықталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары