$ 494.87  520.65  4.91

Мөлдір Әуелбековамен ән айту үшін қазақстандық әйел «телеарна өкіліне» пара бергенін айтты

Мөлдір Әуелбековамен дуэт айту үшін ата-аналардың бірі әншіге хабарласып, 75 мың теңге көлемінде пара бергенін айтқан. Тіпті ол аталған бағдарламаның «Qazaqstan» телеарнасынан шығатынын да жеткізген екен.

Төмендегі жазба Мөлдір Әуелбекованың Instagram-парақшасындағы дайректіне осыдан бірнеше ай бұрын келген хат.

«Сәлеметсіз бе, Мөлдір ханым! Бізге әншілер мен балалар бірлесіп дуэт жазады деген ұсыныс түсіп, ұйымтастырушыларға 75 мың теңге төлеген едік. Алайда «әншінің денсаулығына байланысты түсірілім кейінге қалдырылды» деді. Бұл рас па? Әлде біз алдандық па?» – деген еді ата-аналардың бірі.

Оқырманнан бұл хатты ала салысымен Әуелбекова желідегі парақшасында телеарна басшылығының осыған қатысты жауап беруін сұраған. Кейін ата-ана әншіге хабарласып, ақшаны қайтарып алғанын айтып, алғысын білдіріпті.

«Алаяқтар да көп. Аз емес. Ән айту үшін, кішкентай балалардан ақы алуға менің дәтім шыдамайды екен», – деп айтты Мөлдір Әуелбекова «НТК» арнасына берген сұхбатында.

Әуелбекова пара алған адамның нақты кім екенін ашып айтпай отыр. Ол тек ата-аналарға балаларының әншілермен өнер көрсетуі үшін бір тыйын да төлемеуін сұрады.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары