$ 444.32  473.33  4.76

«Қалаулым» жабылсын! Қазақстандық жұлдыздар бағдарламаға қарсы флешмоб бастады (ВИДЕО)

Атышулы «Қалаулым» бағдарламасын экранға шыққалы зиялы қауым өкілдері мен өнер адамдары қазақ менталитеніне сай емес деп, қарсылықтарын ашық білдіре бастаған. Жақында ғана Айнұр Тұрсынбаеваның «бағдарлама жабылады» деп сүйіншілеткен хабарын естіп, бөркін аспанға атқан жұрттың қуанышы ұзаққа созыла қоймады. Оған себеп, Аша Матайдың тіклей эфирде бағдарламаның жабылмайтынын мәлімдеуі.

«Қалаулым» бағдарламасын жабуға ашық қарсылығын білдіріп, сұхбат беріп жүргендердің бірі – Сәкен Майғазиев. Бұған дейін әнші атышулы шоуға барып, өнер көрсетіп жүргендерді де қатты сынға алған. Десе де, Сәкен жалғыз болмай шықты. Оны өнердегі замандастары Серік Ибрагимов, Ғаділбек Жаңай, «Өнер қырандары» әзіл-ысқақ театры қолдап жатыр.

«Өте дұрыс айттыңыз, Сәкен аға! Сіз қазақи салт-дәстүріміз бен қанымызға біткен текті тәлім-тәрбиені сақтап қалу мақсатында айтып жатырсыз. Әріптестерімізді де сол бағдарламаға барып, атсалыспауларын және соның рейтингін көтермеулерін сұраймыз», – дейді «Өнер қырандары» театрының актерлері.

Серік Ибрагимов те бағдарламаның жастар санасын улап жатқанын айтып, әріптестерін «Қалаулымға» қатыспауға шақырды.

«Құрметті Сәкен аға, сіз жалғыз емессіз! Мен де сізбен біргемін. Ол бағдарлама бізге керек емес және жастардың санасын улайтын бағдарламалардың бірі деп ойлаймын. Мені әлбетте шақырды, мен бармаймын деп шешім қабылдадым. Әріптестерімді бағдарламаға бармай-ақ қоюларын сұраймын. Қолдайтын жігіттер болса, мархабат», – дейді Серік Ибрагимов.

Сонымен қатар Ғаділбек Жаңай да Майғазиевті қолдайтынын, әншінің жалғыз емес екенін айтып, Instagram-парақшасына пост жазды.

«Түкте жалғыз емессіз аға! Жанашырлығыз Жаратқаннан қайтсын! Біргеміз, берік іргеміз! » – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Айта кетейік, 28 ақпан күні «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесі ҚР Ақпарат және телекоммуникациялар министрлігіне «Қалаулым» бағдарламасын 2018 жылдық 25 сәуіріне дейін жабуды ұсынған. Зиялы қауым өкілдері мен өнер адамдары телешоудың қазақ менталитетіне сай емес екенін бұған дейін де айтып, талай рет сынаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары