$ 447.4  477.55  4.76

Әли Оқапов Ақбота Сеймағамбетпен қыз бен жігіт болып жүргенін жайып салды

Әли Оқапов әнші Ақбота Сейтмағамбетовамен жүргенін ашық мойындады. Бұл туралы ол Гәкку FM радиосының “Если честно” бағдарламасында баяндады.

«Ақбота шоу-бизнеске енді келген кезінде кездесіп жүрдік. Ол бірнеше ай ғана сахнада болды. Екеуміз іссапарда танысқанбыз. Мүмкін жас айырмашылық әсер еткен шығар. Ол тым жас еді. Сондықтан екеуміз бір-бірімізге сай келмейміз деп ойладым. Мұны бірінші рет мойындап отырмын»,  – деп Әли Ақботамен жараса алмағанын жасырмай айтты.

Айта кетейік, Әлидің клипінде Ақбота Сейтмағамбет басты рөлді сомдаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары