Бір топ алматылық жас «Қалаулым» бағдарламасының жабылуына қарсылық білдіріп, видеоүндеу жолдады. Олардың айтуынша бұл шоуды мектеп жасындағы оқушыдан еңкейген қарияға дейін тамашалайтын көрінеді.
«Қалаулым» қазақ телекеңістігіндегі резонанс тудырған жоба. Біз Алматы жастары қоғамдағы өзекті мәселелерді шешіп жатқан бұл бағдарламаны жабылуына қарсымыз. Себебі, «Қалаулым» шынайы қоғамның айнасы. Оны жабу өз кемшілігімізді жасырумен тең. Бұл бағдарламаның мектеп жасындағы балаға да, жетпіске келген қартқа да берері бар. Біз instagram әлеумметтік желісінде қалаулымды қолдау мақсатында «I love Kalaulym» хэштегімен өз қолдауымызды білдіреміз. «Қалаулым» қалсын», – деп ұрандатты бір топ жас.
Ал, желі қолданушылары болса олардың «Қалаулым» өзекті мәселелерді шешіп жатыр» деген сөзіне бір күліп алды.
Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Айнұр Тұрсынбаева жабылатынын айтып, қалың көпшіліктен сүйінші сұраған. Тіпті, Сәкен Майғазиев бастаған өнер адамдары «Қалаулымды» жабу туралы флешмобты бастап кеткен еді.