06.03.2018, 05:00

Мақпал Жүнісова өзін сынаған журналиске жауап берді

ҚР Халық артисі, әнші Мақпал Жүнісова өзін «Әнші емес» деп сынаған журналиске жауап берді. Әнші халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ер азаматтан осындай сөз естігеніне ренжігенін жазды.

«Өмірзақ Ақжігіт деген кім? Нағима Есқалиева мен Мақпал Жүнісова әнші емес депті. Атың шықпай жүр екен? 8 наурыз қарсаңында апаларыңды жақсы құттықтадың. 35 жыл сахнада ерігіп жүрмедік», – деп жазды әнші өзінің Instagram-парақшасына.

Бірақ көп ұзамай, Жүнісова бұл жазбасын өшіріп тастады. Тыңдармандары әншіні мұндай бос сөздерге мән бермеуге шақырды.

Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын журналист Өмірзақ Ақжігіттің мерзімсіз басылым беттеріне «Мен Мақпал Жүнісованың өзін әнші деп санамаймын, Нағима Есқалиеваны да. Жұрттар мұны естісе құлап қалуы мүмкін. Қазақта дауысы ондай әнші көп»,  – деп сұхбат берген көрінеді.