Әнші Санда бірнеше мыңдаған тыңдармандар алдында былапыт сөз айтты. Ал өзі бұл әрекетін «ашу бой алдырдым» деп ақтап отыр.
«Әдемі әнді сіздер үшін айтқан едім. Бірақ бір мезетте телефоным тайып кетіп, кішкене ашуланып қалдым. Мен тек жақсы, әрі салмақты қыз бола бермеймін», – деп Санда өзінің ерсі қылығын ақтап алуға тырысқан.
Өзінің айтуынша, әнші бейәдеп сөздерді жиі қолданатын көрінеді. Себебі, адам болған соң ашу бәрінде де болады дейді ол. Десе де, тыңдармандары оның бұл сөзін қатты сынап, әдепті болуға шақырды.
Еске салайық, былтыр желтоқсанда Павлодар қаласында өткен концертте әнші Төреғали Төреәлі де сахнада тұрып, тыңдармандардың біріне бейәдеп сөздер айтқан болатын. Содан бері оның осынау әрекетін сынап келе жатқандар көп.