Бүркіт 18 жылдан бері өсіріп келе жатқан шашын қиып, көптің назарын өзіне аударды. Артынша ол Instagram-парақшасына «шашың қайда?» деп жазғандарға жауап берді.
«Бұл енді менің жаңа шаш үлгім! Маған ұнайды! Шаш қайда кетсін, бас аман болсын! Шаш өсер. 18 жылда бір өзгерейік», - деп Бүркіт көрермендердің көзі әлі де үйрене қоймаған стиліне қатысты пікірін жазды.
Бұрынғы қобыраған шашын көріп үйреніп қалған жанкүйерлері болса әншіні бұл күйінде қабылдай алмай, сынап жатыр.
«Сәлем братишка, өтінемін шашыңды өсірші» деп иіле сұрағандай пікір қалдырыпты бірі. Көпшіліктің айтуынша, бұл стиль әншіні екі есе қартайтып жібергендей екен.
Егер Бүркіттің кезекті жаңа бейнебаяны болмағанда сол әдеттегі шаш үлгісімен қалар ма еді. Кім білсін? Өзінің жазбасында бөліскеніндей, әнші шығармашылығы үшін шашын құрбан қылған-мыс.