15.03.2018, 07:16

Айгүл Иманбаева балалық шағындағы көрген қиындықтарын айтты

Белгілі актриса, әнші Айгүл Иманбаева өзінің басынан өткен отбасылық қиындықтарын баяндап берді.

Әнші отбасын тастап кеткен әкесін 35 жылдан соң қалай кешіргенін баяндап берді. Иманбаеваның әкесі өзі жайлы ақпараттарды БАҚ құралдары арқылы қате естіп, қызымен әлі күнге араласпай қойған.

«Әкемді кешіру оңай болмады. Әрине, арада 35 жыл өтіп кеткен. Әкем екеуіміз рейтинг үшін тараған ақпараттың арқасында әлі күнге араласпаймыз. Бірақ, әкемнің барлық туыстарымен араласамын.

Мен тіпті өз баламды да туыстарымен араластырып тұрамын. Қате қадам басқан адамды кешіру керек. Бала кездегі реніш, өкпе бойда қалып қояды», — деген әнші бала күнгі сырымен бөлісті.

 «Менің бойымда әлі бәріне өзімді дәлелдеймін. Мен Айгүл Иманбаева боламын. «Әлі көресіңдер» деген намыстың арқасында осы күнге жеттім. Анам мені кішкене күнімнен тек алдап қана жұмсайды екен. Ал бетіме келіп, қатты бір сөз айтса бәрін қопарып тастайды екенмін.

Әлі күнге сол мінез. Бала күнімдегі намыс осы күнге алып келді. Бәріне анамның қолын ыстық суға салып отырамын. Әлі бәрің көресіңдер дейді екенмін.

Періштелер «әумин» деген шығар. Бүгінде анамды өзім бала сияқты еркелетіп отырмын», — деді Айгүл Иманбаева.

Дереккөз: NUR.KZ