$ 494.87  520.65  4.91

Артық кеткен сөзін ұмыта алмаймын: Жазира Байырбекованы туған ағасы жұлдыз болып кетті деп айыптады

Тыңдармандарын нәзік те сабырлы мінезімен, әдемі әнімен баурап алған Жазираға туған ағасы Ербол Байырбеков ренжулі екен. Шынайы өмірде қарындасының сахнадағыдай емес екенін айтқан ол Жазираның кейде артық кетіп қалатынын жасырмады.

Бұл туралы Ербол Байырбеков “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Ол сахнада нәзік көрінетін қарындасының үйде мінезі қатал екенін айтты.

“Жазираның мінезі бар, қарындасым, үйдің еркесі болған. Кейде еркелік қылып қояды, қатты кетіп қалатын кездері болады, сол кезде мен де айтатынымды айтып, орнына қойып жүремін. Қанша ренжісіп қалсақ та бәрі-бір бауырлар ажырамайды ғой”, – дейді Байырбеков.

Ол бір кездері Жазираның айтқан сөзіне ренжулі екен.

“Жұлдыз боп жанған, қошеметке көп ие болған адам өзгереді. Кейде, айтып жібергеніңді білмей қалатын кездер болады… Мен ұмыта алмайтын, артық кеткен сөзі болды. Уақыты келгенде, кейін айтамын өзіне. Жұлдыз боп жарқырап жүрген кезде адам пенде ғой білмей қалады “, – дейді Ербол Байырбеков.

Айта кетейік, жұлдызды жұптың танымал болуына септігін тигізген “Сүйгеніңді бағала”, “Сен маған сүюді үйреттің” хит әндерін Ербол Байырбеков жазған.

Дереккөз: Stan.kz 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары