26.03.2018, 11:17

Нағима Есқалиева аман-сау ма? Әнші адам танымастай болып азып кеткен

Әнші Нағима Есқалиева көптен бері сахнадан да, телеарналардан да көрінбей кеткен еді. Сөйтсек ол осы уақытқа дейін өзінің дене бітімін өзгерту үшін көрермендері мен тыңдармандарынан жасырынып келіпті.

Қазір 64 жастағы әнші адам танымастай болып өзгерген. Ол қатаң диетаға отырып, артық салмақтың бәрінен құтылыпты. Ал, оның арықтаған суретін Instagram әлеуметтік желісінен көрген жанкүйерлері өз көздеріне өздері сенбеуде. Бірі оның сұлулана түскенін жазса, өзгелері әншінің денсаулығына алаңдаулы. Үшінші тарап болса көз үйренген Нағиманы "қайтаруын" талап етіп, оған арықтағанның мүлдем жараспайтынын жазып жатыр.

Нағима Есқалиева Қазақ КСР-нің және Қазақстанның халық әртісі, әнші! Ол Құрмет орденінің иегері, Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры.