$ 447.4  477.55  4.76

Димаш Құдайберген енді «Славян базары» байқауына қазылық етеді

Димаш Құдайберген өзінің Instagram-парақшасында тыңдармандарын сүйінші хабармен қуантты. Әлемді мойындатқан әнші бір кезедрі өзі бақ сынаған «Славян базары» байқауына қатысушыларға қазылық ететінін жазды.

«Бұл байқаудың менің өмірімде алатын орны ерекше. Қазақстан мен шетелдің халықаралық байқауларында жеңіске жетіп, түрлі концертінде, тв жобасында өнер көрсеткен соң «Славян базары» байқауынан жеңіске жеткеннен кейін дәл осы Беларусь елінде өзімді белгілі әртіс ретінде сезіндім. Мен бұл байқауды және бір кездері үлкен эстрадаға шығып өз елімнің мәдениетін таныстыруыма мүмкіндік берген осындау таңғажайып елді қатты жақсы көремін. Осы жылы «Славян базарында» қонақ ретінде өнер көрсетемін және қазылар алқасының мүшесі боламын. Кездескенше, Беларусь! Шілдеде көрісеміз», – деді Димаш.

Естеріңізге салайық, Димаш Құдайберген «Славян базары – 2015» байқауынан бас жүлдені жеңіп алған еді. Тіпті, бір кезедері Бағым Мухитдинованың сынына ұшыраған жас әнші 2017 жылы Қытайда өткен «I am a singer» жобасына қатысып, әлемді мойындатқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары