Танымал бизнесвумен Динара Сатжан «Qazaqstan» телеарнасына қызметке тұрғалы көпшілік оны басшылық орынға лайық емес деп сынға алған болатын. Енді ол өзінің осынау қызметтен кеткені туралы өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді.
«Телеарнада жұмыс істеген сәттер мен үшін өмірімнің соңына дейін жетер тәжірибе болды. Әріптестерімнің де маған деген ықыласы жақсы болды. Енді алдағы уақытта өз бизнесіме жіті көңіл бөлемін", – деді Сатжан өзінің желідегі жазбасында.
Айта кетейік, Динара Сатжан Ұлттық арнадан ресми кеткенімен, арна президенті Ерлан Қаринге штаттан тыс кеңесші болып қала беретінін айтып отыр.