Instagram әлеуметтік желісінде әнші Димаш Құдайбергеннің операциядан шыққаны жайлы ақпарат тарады. Жұрт оның денсаулығына алаңдап жатыр.
«Операциядан кейін қалпына келген Димаш Қытайға келуге дайын. Сенің "Сингердегі" керемет өнеріңді тікелей эфирден асыға күтудеміз. Ол – ең инвестициясы мол концерттердің бірі, 10 мыңнан астам көрерменді жинайтын концерт!» – деп жазылған әншінің фан-клуб парақшасында. Алайда әншіге қандай операция жасалғаны жайлы ақпарат жоқ. Бірақ көпшілік оның қазіргі жағдайына алаңдап, хат жаудырып жатыр. Ал Димаш Құдайбергеннің өзі жеке парақшасына соңғы рет күні кеше Джеки Чанды туған күнімен құттықтап жазба қалдырған.