$ 498.34  519.72  4.85

Тәуекел Мүсілімнің актриса қызға үйленетіні рас па?

Елімізге танымал актер Тәуекел Мүсілім мен «Қазақ аруы» атанған Гүлназ Жоланованың алдағы жылы шаңырақ көтеретіні рас па? Бұл жайында қос жұлдыз жауап берді деп мәлімдейді «Гу-гу-лет» бағдарламасы.

Олар әріптестерінің тағдырын қайталағысы келмейтінін алға тартып, дос екендерін мәлімдеді.

"Тәуекел менің досым. Төрт жылдан бері танимын. Жақсы араласамыз. Оның үстіне үш жылдан бері жүргізуші боламыз. Фильмге бірге түсеміз", - деді Жоланова.

Ал Тәуекел: "Екеуіміз дос ретінде араласамыз. Біздің дуэтіміз сәтті шығады. Гүлназға адам ретінде риза боламын. Ал өзім биыл шетелге барып, өнерімді дамытамын. Ал келесі жылы бұйырса, шаңырақ көтерсем деп ойлап отырмын. Болашақта келіншегімді жасырмаймын. Ал әзірге құпия", - деп шынын айтты Тәуекел.

Дереккөз: NUR.KZ

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары