$ 494.87  520.65  4.91

Ақты - ақ, қараны - қара деп айта алмаймыз: Мұхтар Шаханов өз кінәсін шындықты айтып қоятынынан іздеді

Қазақ жұртына аты белгілі Мұхтар Шаханов соңғы уақытта танымал тұлғаларға қатысты сын айтып, басы дауға қалып жүр. Мәселен, жуырда ғана ол ақиық ақын Мұқағалиды «ішкіш болған» десе, Жамбыл Жабаевты жағымпаз деп айыптады.

Белгілі журналист Аман Тасығанның TalkLike интернет-жобасында қонақ болған ол «бар кінәм шындықты айтып қоюымда» деп ағынан жарылды. Айта кетейік, осы сөздерінен кейін белсенді топ Шахановты Жазушылар одағының мүшелігінен шығармақшы.

«Жазушылар Одағына қарап қалған күнім жоқ. Тек әншейін шындық үшін ғана жағаласып отырмын. Жазушылар Одағының 800-ге жуық мүшесінің оншақтысы ғана ұлттық мүдде үшін күрескенде бізбен бірге болған екен. Қалғанының барлығының сөзі бір басқа, ісі басқа... Оралазин-қоразалин дегенім рас, бірақ, менің сөзімді бұрмалап берді, дұрыстап тыңдасаңыздар мен: "Ұлттық мүддеге келгенде Оразалин қоразалин болмады, Тауғалин шөжеалиннің деңгейінде самғады" дедім. Расымен де солай ғой», - дейді ақын.

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Жамбыл Жабаевтың ұрпақтары мен ақын мұрасын құрметтеушілер қол жинап, Шахановты Қазақстан Жазушылар одағының қатарынан шығаруды талап етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары