$ 494.87  520.65  4.91

Жақсы оқымады: Тәуекел Мүсілім сыныптасы Қайрат Нұртастың бала күнгі сырын ашты

Бүгінде Қайрат Нұртас Қазақстанның ең танымал әншісі атанғанымен, кезінде кейбір қатарластары талантына күмәнмен қараған екен. Тіпті оның сабақ үлгерімі де көңіл қуантарлықтай болмаған деседі. Осы уақытқа дейінгі хитменнің ашылмаған кей сырларын, сыныптасы Тәуекел Мүсілім бүкпесіз баяндап берді деп мәлімдейді НТК арнасының “Ревю” бағдарламасы.

Қайрат Нұртас, Тәуекел Мүсілім, Бауыржан Сатов және футболшы Жамбыл Көкеев – сыныптастар! Бір мектепте білім алған жігіттерді, бүгінде жұрт жақсы таниды. Бірақ, оқушы кезінде бала Қайраттың атақты әнші болатыны қатарластарының үш ұйықтаса түсіне де кірмеген.

“Қайрат ән айтып жүрген кезде мен аса бір, былай айтатын болсақ тек әнші ретінде қабылдамайтынмын. Баласың ол кезде. Және де әр мереке сайын ән айта берген соң, жалығып кетесің. Ал, былайша қазір енді барлық әндері ұнайды”, – дейді Тәуекел.

Тәуекелдің сөзінше, Қайрат Нұртас озат оқушылардың да тізімінде болмаған.

“Жақсы оқыды деп айтпаймын. Әйтеуір орта деңгейдегі оқушы болды. Арасында төбелесіп те жүрдік. Бұзық та болатынбыз. Арасында футболда ойнаймыз. Сондай оқушы болған ол!” – дейді Тәуекел.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары