$ 494.87  520.65  4.91

Қайрат Нұртас жетімдер үйінің тәрбиеленушісіне өз костюмін сыйға берді

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртас жетімдер үйінің тәрбиеленушісіне KN сауда белгісі бар өз костюмін сыйға тартты. Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Аталған мекемеде тәрбиеленіп жатқан балаларға Қайраттың концертіне билетті полицейлер сатып әперіпті.

Ыңғайлы сәтті падаланған 10 жасар Аркадий болса танымал әншіні тіл-көзден сақтап жүрсін деп оған тұмар сыйлады. Қайрат та қарап қалған жоқ, ол өз гардеробындағы костюмдердің бірін алып, кішкентай баланың иығына жапты. Кейін ол екеуі сахнада тұрып қазақ тілінде ән шырқады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары