Соңғы уақытта танымал әнші Ақбота Керімбекованың үшінші күйеуімен де ажырасып кеткені туралы әңгіме тарағанболатын. Әншінің өзі де телебағдарламалардың бірінде екеуара біраз түсініспеушіліктердің болғанын айтқан еді. Бірақ оның күйеуі Рауан Дәулетов осы алып-қашпа әңгімелерге нүкте қоюды жөн көріпті.
«Ажырастырып, қосқандарыңыз үшін, Не болар екен деп, тосқандарыңыз үшін,Сары уайымға салып, бастарыңызды қосқандарыңыз үшін,Алғысым шексіз!Мейіріммен қарағандарыңыз үшін,Қарауға жарағандарыңыз үшін,Бақытқа балағандарыңыз үшін,Алғысым шексіз! Өмірге келгендеріңіз үшін,Сабақты бергендеріңіз үшін,Біз үшін мұңайып, күлгендеріңіз үшін,Алғысым шексіз», - деп жазған ол өзінің Instagram-парақшасына.
Бұл ретте әлеуеметтік желі қолданушылары жас жұбайлардың бақытты болуларын тілеуде. Бірақ екеуінің қайта қосылғанына сенбегендер де жоқ емес.