«Кешью» тобының экс-мүшесі Ақбота Сейітмағамбет актер Дәурен Айдарқұлов екеуінің неліктен дәм-тұзы жараспағанын 365info.kz порталының тілшісіне айтып берді.
Әншінің сөзінше, 1,5 жыл араласқан олар осы уақыт аралығында бірнеше рет айрылысып-қосылып та көріпті. Бірақ, екеуінің өмірге деген көзқарастары сай келмеген. Яғни, 37 жастағы актер әйелінің үйде отырғанын, хиджаб киіп, намаз оқығанын қалапты
Ақбота алғашында күйеуінің айтқанын істегенін айтып отыр. Бір ай бойы ол орамал тағып жүріпті. Бірақ кейіннен үйде отырудан жалығып, сахнаны сағына бастаған. Күйеуі болса бұл ойына үзілді-кесілді қарсы болған.
«Оған үйде отыратын әйел керек болды. Мен 13 жасымнан жұмыс істеп үйренген адаммын. Ата-анамнан ерте айрылғанмын. Сол себептен де бала кезімнен жұмыс істесең ғана жетістікке жетуге болатынын білемін. Сондықтан үйде отырып, күйеуімнің жұмыстан келгенін күтіп отыратын әйел мен емеспін. Ол менің намаз оқып, хиджаб кигенімді қалады. Бірақ мен оған әлі дайын еместігімді айттым. Мүмкін уақыт өте келе дінге де келетін шығармын», - дейді Ақбота.
Қазір әнші колледжде оқитын туған інісімен бірге тұрады. Бос уақытын баласына арнаған әнші, жеке шығармашылығын қолға алған.