Астананың салқын желіне қарамастан 7 шақырымға жүгіргенін мақтанышпен айтқан Қайрат Нұртасқа тыңдармандары разы. Әнші соңғы уақытта салауатты өмір салтын ұстанып жүргенін айтады.
Қайраттың терлеп тұрып, жүгіріп келгенін мақтанышпен айтқан видеосы Instagram желісіндегі toiduman.kaz парақшасында жарияланған. Онда әнші өзінің нақты қанша шақырым жүгіргенін білмейтінін, әлде 5, әлде 7 шақырым жүгіргенін айтады.
«Міне, азанда Астананың суығында бес пе, 7 ме шақырым жүгіріп, терлеп келдім. Денсаулықтарыңыз мықты болсын», - дейді әнші.