02.05.2018, 05:40

Қызғанбаймын: Қайрат Нұртастың әйелі күйеуіне сенетінін айтты (ВИДЕО)

 

Танымал эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуін қыздардан қызғанбайды екен. Себебі, 4 баласының әкесі актрисаның әбден сеніміне кіріп алыпты.

«Халықтың, ел азаматы болғандықтан оны қызғануға ешқандай хақым жоқ. Мен жолдасыма сенемін. Беталды қызғаныш, ұрыс деген жоқ. Себебі, ол – бос дүние», – деп айтты ол «Астана» арнасынан шығатын «Ел аузында» бағдарламасында.

Айдарбековтер отбасында қандай проблема болсын, барлығы дастархан басында шешіледі екен.

«Біздің отбасында ортақ шешімге келерде әр адам өз ойын айтады. Сосын ортақ шешімге келеміз», – дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.