08.05.2018, 08:37

Қайрат Нұртас баласын тікелей эфирде боқтап жіберді (ВИДЕО)

Қайрат Нұртас баласын тікелей эфирде боқтап жіберді. Оқиға әншінің інісі Заңғар Instagram-парақшасында тікелей эфир жүргізіп жатқан кезде болды.

Теңіз үстінде демалып жатқан Айдарбековтер отбасы желіге түрлі видео- суреттерін жүктеді. Бірақ ең қызығы Қайраттың ұлын балағаттауы болды. Аяғын абайсызда басып кеткен Нарұлды әкесі шешеден боқтап жібереді. Ал тәрбиелі ұлы болса, «аке, боқтамаңыз» деп жауап қатады.

Желі қолданушыларының бірі – бұл жағдайды қалыпты десе, екінші бірі – әншінің мәдениеттен жұрдай екенін жарыса жазды.

Айта кетейік, Заңғар дәл осы тікелей эфир барысында телефонын теңізге түсіріп алды.