$ 449.58  486.94  4.86

Айқын Төлепберген: "Анам мені перзентхананың дәлізінде босанып қалған"

Танымал әнші Айқын Төлепбергеннің анасы оны перзентхананың дәлізінде босанып қалған. Иә, өзінің үнемі асығып жүруінің себебін түсіндірген әнші осылай деп ағынан жарылды. Бұл туралы әнші Zhuldyz.tv арнасының «Сенбілік серуен» бағдарламасында айтып берді.

Айқын Төлепбергеннің сөзінше, ол бала күнінен тынымсыз, бір орында тұрмайтын болған. Онысын әнші перзентхананың дәлізінде дүниеге келуімен байланыстырады. Ал әншінің анасы Айқынға жүкті кезінде босанғанға дейін жұмыс істеген екен.

«Қанымда бар қасиет пе, әйтеуір туғаннан асығып жүремін. Бір орында тұрмаймын. Үнемі бірдеңе жасап жүремін. Қазір балаларым да сондай. Біздің балалар отырмайды. Әрлі-берлі жүгіріп, құлап, айқайлап, біредеңе істеп жүреді солай.

Алматыда Ана мен бала  институты деген бар. Анам мені босанғанға дейін жұмыс істеген. Жүктілігі 9 айға жетіп, толғағы басталғанда, перзентханаға асығып, таксимен жеткен. Перзентханаға кіре салғанда, мені дәлізде босанып қалыпты. Содан ба, жас кезімнен асығып жүремін. Уақыт жоқ. Тынымсызбын. Ұйқыға жатар кезде «Бүгін не істедім? Өзімнің мансабым үшін не істедім?» деп ойланамын. Егер ештеңе жасамаған болсам, көңіл-күйім түсіп қалады», – дейді Айқын журналист Марал Сатқанғалиеваға берген сұхбатында.

Дереккөз: Stan.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары