Күні кеше 8-мамыр әйгілі актер, Қазақстанның Халық артисі Асанәлі Әшімовтің 81 жасқа толған туған күні. Актерге Асанәлі атты ұл туып берген жұбайы Бағдат Әшімова күйеуіне арнап Instagram-парақшасына жантебірентерлік өлең жолдарын жазды.
"Бақытымның бастауын сізден көрдім,
Енді қалай мен енді төмендермін.
Енді жаным бәрі де әділетсіз,
Бізді бақсыз-бақытсыз дегендердің!", – деп жазды Әшімова.
Желі қолданушылары да жұбайларға ұзақ ғұмыр мен денсаулық тіледі.