$ 443.37  474.49  4.83

«Ереуілге шығатын адамдарға таң қалам»: Талғат Жорабаев митингке шыққандарды ақымақ санайды

Белгілі әнші Талғат Жорабаев ереуілге шығатын адамдарға таң қалатынын жеткізді. Ол өзінің мұндай арандатушылыққа, яғни, Мұхтар Әблязовтың айдауына көнбейтінін айтып отыр.

Ол кешегі Астана мен Алматыда және Қазақстанның өзге де қалаларында болған шағын митингтердің артында тұрған Мұхтар Әблязовты ешқандай патриот емес дейді.

«А...БЛЯЯЯ...ЗОВ сияқты шетелде отырып, халықты айдап салып қоятын өтірік патриоттардың сөзіне сеніп, ереуілге шығатын адамдарға таң қалам...» деп жазды әнші өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетсек, 10 мамыр күні еліміздің бірнеше қаласында халық «саяси тұтқындарды қамаудан босатуды» талап етіп, наразылық шараларын өткізген болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары