$ 441.66  475.14  4.86

44 жастағы әйелге жараса ма? Желі қолданушылары Баян Алагөзованың биін талқылап жатыр (ВИДЕО)

Танымал продюсер Баян Алагөзова сауықты кештің бірінде алдына жан салмай биледі. Ортаға шығып, жердің шаңын шығарған Баянның осынау видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жүр.

Желі қолданушыларының көбі 44 жастағы Баян Алагөзованы сынап тастады. Бірі жасына лайықты емес десе, өзгелері билей алмайды екен десіп жатыр. Десе де, әншінің өзі бұған дейінгі жазбаларының бірінде өзін әлі жас сезінетінін айтқан болатын.

Айта кетсек, продюсер Баян Алагөзова осыдан екі жыл бұрын өлім аузынан аман қалғаннан бері өзін барынша көңілді ұстауға тырысады. Оны бірінші күйеуі Бақытбек Есентаев өзінің көзіне шөп салғаны үшін пышақтап тастаған болатын. Кейіннен танымал продюсер Турсен Алагөзовке тұрмысқа шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары