$ 444.32  473.33  4.76

Ермек Тұрсыновтың жаңа фильміне кез келген адам түсе алады

Кинорежиссер және публицист Ермек Тұрсыновтың жаңа фильміне кез келген адам қатыса алады. Бұл жайында «Бродвей» интернет-порталы жазды.

Режиссердің «Круг» деп аталатын кезекті фильмі ертегі желісінде түсіріледі. Қазір дайындықты бастап кеткен Ермек Тұрсынов актерлерге кастинг жариялады.

Кастингке актерлермен бірге киноға қызығушылығы бар қарапайым адамдар да қатыса алады. Сондай-ақ, олардың жас мөлшері мен ұлтына ешқандай шектеу қойылмаған.

Егер өзін кинодан көргісі келгендер болса, өзі туралы мағлұмат пен суретін мына поштаға tursunovcasting@gmail.com. жіберуіне болады.

Ермек Тұрсынов елімізде біраз пікірталас тудырған «Келін», «Шал» фильмдерін түсірген режиссер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары