Мәдениет & Шоубиз 22.05.2018 сағат 17:17  683

Star of Asia фестиваліне келушілер автокөлік ұтып ала алады

Жыл сайынғы халықаралық Star of Asia Almaty.kz музыка фестиваліне билет алған көрермендер жаңа автомобильдің иесі болуы мүмкін. Фестиваль «Медеу» мұз айдынында 16-17 маусымда өтеді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Билеттерді kassir.kz және zakazbiletov.kz сайттарынан алғандардың барлығы осынау ұтысқа қатыса алады. Бас жүлдені жеңіп алған көрермен туралы мәлімет 17 маусымда хабарланады.

Музыкалық шоуды ұйымдастырушылар шетел және қазақ эстарда жұлдыздарының қатысуымен қызық бағдарламалар дайындауда. Биылғы фестивальде Мәдина Сәдуақасова, Кәмшат Жолдыбаева, Mad Men тобы, Нұрболат Абдуллин, «Кешью»тобы, Ерке Есмахан, МузАРТ-LIFE тобы, «Ұлытау», Динара Сұлтан, M'DEE, «Алашұлы» тобы және өзге де танымал өнер жұлдыздары ән шырқайды. Хедлайнерде АҚШ-тың, Оңтүстік Кореяның, Жапонияның, Өзбексстанның, Әзірбайжан мен Қырғызстанның атристері өнер көрсетеді.

Ұтыс туралы анқтылы ақпаратты ресми аккаунттардан, Instagram, Facebook пен starofasia.kz. сайтынан көруге болады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар