Күні кеше ғана Роза Әлқожа Мейрамбек Беспаевты «Зибаш-ай» әнін «құдалықтың әні» деп атағаны үшін сынға алған. Себебі, бұл шығарма бұрыннан халық әні екен. Ал «Жұлдызды жекпе-жек» жобасының соңғы айналымында сүрінген інісі болса, қазылар алқасына өкпесі жоқ екенін айтып, Беспаевтан кешірім сұрап отыр.
«Кешегі жеңісің құтты болсын Жолдасбек Әбдіханов. Біз бауыр, біз доспыз. Бір ауылдан шыққан аға-іні қатынасындағы жандармыз. Бірінші рет жеңілгеніме қуандым. Өйткені, мен Жолдасбекпен түстім бәйгеге. Барлығы тамаша және өз ретімен болды.
Мейрамбек ағама, «Жекпе-жек» бағдарламасы ұжымына, маған қаншама жақсы пікір айтып күш берген, жігер сыйлаған аға-әпкелерге айтар алғысым шексіз.
Осы күнге дейін халық алдында ән айтқаныммен өнер майталмандары алдында ән айтып көрмеген едім. Маған үлкен тәжірибе болды. Рахмет мені байқап елегеніңізге, Мейрамбек аға.
Аға, сіз дарасыз және тек әділдік көрсеттіңіз. Дайындығым аз болғаны үшін, осындай мықты бағдарламаға еркелікпен, барымды көрсете алмағаным үшін кешірім сұраймын. Мен жекпе-жектен шыққаным жоқ! Мен арасына кірдім. Өйткені ағалардың қолдауын, керемет көзқарасын ұғындым, жақыннан таныстым. Рахмет» – деді ол.