Күні кеше Қыдырәлі мен Қарақат отасқандарына 17 жыл болғанын айтып, қуаныштарын халықпен бөлісті. Бір-біріне ерекше құрметтерін әлеуметтік желі арқылы көрсетіп жатты. Желі қолданушылары да өз кезектерінде жұлдызды жұпты құттықтауға асықты. Арасында продюсердің “бірінші отбасына” қатысты сұрақ қойғандар да болды деп жазады Janalikhtar.net.
Осы күнге дейін “Ақжүніс” бағдарламасының жүргізушісі Сәуле Әбединова мен Қыдырәлі Болманов отасып, артынша ажырасып кеткен” деген қауесет халық арасында тараған болатын. Продюсер мұның шындыққа жанасатынын айтты. Және осы уақытқа дейін Қарақаттан бұрын Сәулемен отасқаны жайлы жеткізді.
“Құтты болсын, аға! Жасай беріңіз, жарын құрметтеген азамат болса сіздей-ақ болсын! Еңбегіңіз жансын! Бір сұрақ қойғым келді, айып етпеңізші… “Əйел бақыты” бағдарламасына “Ақжүніс” бағдарламасын жүргізген Сəуле Əбединова қонаққа келгенде Лəйлә Сұлтанқызы оған “Сіз Қыдырәлі Болмановтың бірінші əйелі деген сөз бар” деп сұрақ қойды. Сол қаншалықты рас? Аға, сізді көбі Қарақатқа дейін үйленген болатын деп айтады. Осы сұраққа өз аузыңыздан жауап естісек. “Әйел бақытында” Сәуле ханым келгенде сіз сол кісінің бірінші күйеуі деп көп айтылған болатын” дейді желі қолданушыларының бірі.
“Өсек-аяң теріп, оны шығаратындар – өте үлкен күнә жинаушылар. Әйел адамның бөтен еркекке сұрақ қоюға, жөн сілтеуге ешқандай қақысы жоқ. Мен еркекпін. Тоқал алғым келсе ешкімнен сұрамаймын. Алғым келмесе, маған ешкім қинап алдыра алмайды. Намысым да, сөзім де кесек. 25 жыл көз алдыларыңызда өсіп келемін, ТВ-дан түскен емеспін, менің жылтырбет, ұрланып жүрмейтін еркек екенімді санаңыз арқылы сараптасаңыз көзіңіз әбден жетіп тұр! Сондықтан менің жеке өмірімде, жанұямда шаруаларыңыз болмасын!
Көзіңізді ашып қарасаңыз, сүмелек еркек емес екенім маңдайымда жазылып тұрған жоқ па? Жалпы, 10 бәленің 9-ы тілден дейді. Өз өмірлеріңізбен айналысыңыздар! Аллаға сансыз мадақ. Қыдырәлі Болманов өз еңбегімен, білімімен, ақылымен, Алланың қалауымен Қарақатын тапты. Өмірден өз жолын тапты! Намысты, қуатты, қайсар, өз ұлтына адал, қазақ тарихында болмаған, әлемде аналогы жоқ бірнеше жобаны іске асырған, ауылда туып-өскен қазақтың қара баласы!” дейді Қыдырәлі Болманов.
Мұнымен қатар, тағы да бір желі қолданушылары продюсердің тастанды бала-шағасы бар екенін айтып жатты. Болмановтың бұл сауалға да жауабы әзір екен. “Менде өзім тастап кеткен бала-шаға жоқ! Алғашқы ақ некелі жарым да Қарақат! Жаңағы Сәуле, Ләйләлардың әңгімесіне еш қатысым жоқ. Жалпы ниеттері қисықтау адамдарды өшіріп отыру – бізде заңдылық. Негативті қандай түрде болмасын жек көреміз. Аман болыңыздар”, – дейді ол.
Осыдан кейін продюсер өзі атын атап, түсін түстеген екі желі қолданушысын өшіріп тастаса керек.
Бұған дейін әншінің әріптестері мен тыңдармандары әсіресе Болмановты студент кезінен білетіндер оның алғашқы некесі туралы ашық айтатын. Бірақ, соңғы кездері продюсердің өзі мұны жасырғаннан кейін, әріптестері де болған жағдай жайлы айтуға құлықсыз. Дегенмен Болмановтың студент кезінде суретші қызға үйленіп, бір баласымен ажырасқаны. Кейіннен ол перзентінің қайтыс болып кеткені жайлы ел арасында сөз бар.