$ 494.87  520.65  4.91

«Тіліңді жұлып аламын»: Ділназ Ахмадиева желі қолданушысына соңғы рет ескерту жасады

Эстраданың танымал әншісі Ділназ Ахмадиева Instagram әлеуметтік желісінде өз оқырмандарының бірімен ұрысып, оған ескерту жасады. Желі қолданушысы Ділназды шымкенттік әнші Назимаға қолдау көрсетпедің деп айыптап, балағаттап сөздер жазып кетіпті.

Еске салайық Назима Жәнібекова қазір ресейлік «Песни» шоуында бағын сынап жатыр. Ол жуырда ғана танымал рэпер Тиматимен бірге Шымкент туралы ән де шырқады.

Ал, Ділназға тіл тигізген Instagram қолданушысы болса одан әуел баста Назимаға қолдау білдіріп, әлеуметтік желіде жазба қалдыруын сұраған көрінеді. Алайда, Ахмадиева оның бұл өтінішін орындамаған. Артынша әлгі адам Ділназды ішің тар тәкаппарсың деп айыптапты.

«Сіздің басыңыз істей ме? Абайлап сөйлемесең ертеңгі күні тауып алып, тіліңді жұлып аламын», - деп жазды Ділназ Ахмадиева өзін балағаттан желі қолданушысына.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары