Белгілі продюсер Нұртас Адамбай «Самая вышка» хит әнінің плагиат боп шыққанын мәлімдеді.
Бұл ән «Я – жених» фильмінің саунтрегі болған. Raim & Artur дуэті шырқайтын шығармаға продюсер бейнебаян түсіріп, кәдімгідей шығындалыпты.
«Біз ешкімнің авторлық құқы тапталуына жол бермейміз. Сол себепті, бұл әнге қаншама қаржы жұмсағанымызға қарамастан оны Youtube арнамыздан өшірдік», – деді Нұртас Адамбай.
Отандық дуэттің хиті америкалық Майкл Санчестің «Sun Meets the Moon» әні боп шықты.