Желіде жігіттің серісі, қыз біткеннің арманына айналған актер Тәуекел Мүсілімнің белгісіз аруды құшақтап түскен суреті жарияланды.
Жақында ғана «сүйіктім өзінмен 11 жас кіші» деп сұхбат берген еді. Енді араға бірнеше күн салып жап-жас қызбен түскен суретін жариялап отыр. Ал желі қолданушыларының көбі Тәуекелдің бұл арудан қарағанда Гүлназ Жолановамен жақсы жұп екенін жазады.
«Ұнатпадық. Жараспайсыңдар. Гүлназ Жоланова өте көрікті. Соған үйленеді деп ойлап едім», «Жанар Дұғалова қайда?» «Бұл қыз кішкентай ғой. Гүлназ дұрыс. Онымен араласпайсыңдар ма қазір?», – деп пікір қалдырды олар.