$ 441.58  480  4.86

Қайрат Нұртас пен інісі «My Universe» әнінің бейнебаянын ұсынды (ВИДЕО)

Әнші Қайрат Нұртас інісі Заңғар екеуі бейнебаян түсірді. Ағайындылар бұған дейін «My Universe» деп аталатын ән жазғанын айтқан болатын.

«Қайрат және Заңғар Нұртастың «My Universe» атты жаңа бейнеклипінің тизерін ұсынады. Туынды тұсаукесерін тек Gakku арнасынан күтіңіздер. Қапы қалмайық!», – деп жазылған Instagram әлеуметтік желісінде.

Айта кетсек, Заңғар Қайраттың кенже інісі, 1996 жылы дүниеге келген. Пекинде білім алған ол ағасының жолын қуып, соңғы кезде ән айтып жүр.