Белгілі продюсер Алуа Қонарова әріптесі Баян Алагөзовамен 6 жыл бойы дұшпан болғанын айтты. «The Эфир» интернет-жобасында қонақта болған ол Баянмен қалайша татуласып, жан құрбыға айналғандарын да әңгімеледі.
Кезінде бірін-бірі атуға оқ таппай жүрген қос продюсер қазір сырлас-мұңдас құрбыларға айналған. «Иә, ұрыс-керіс болды. Біз бір-бірімізбен қатты бәсекелес едік. Бірақ, қазір жақсы араласамыз. Кеше ғана екеуміз әңгімелесіп, кофе іштік. Жасымыз келіп қалған адамдармыз, қашанғы дауласа береміз? Негізі сол уақытта ұрысқанымызды журналистерге жайып салғанша, одан да жеке сөйлесуіміз керек еді», – дейді Алуа Қонарова. Сондай-ақ, ол Баян Алагөзоваға деген өкпе-ренішін ұмытқан. Тіпті кездесіп қалған жағдайда, өмір туралы әңгіме-дүкен құратынын жеткізді. Еске салсақ, 2016 жылы Баян Алагөзованы бірінші күйеуі Батытбек Есентаев пышақтаған кезде Алуа халін сұрап, ауруханаға барған болатын. Алайда, Баян онымен кездесуден бас тартқан. Бәсекелесінің бұл әрекетіне ренжіген продюсер сол уақытта «Баянды жоқ деп есептеймін» деп сұхбат берген еді.