$ 494.87  520.65  4.91

«Құшақтасып сүйісетін рөлдерді ойнай алмаймын»: Самал Есләмова тәрбиелік маңызы жоқ фильмдерге түспейтінін айтты

Канн кинофестивалінде «Үздік әйел рөлі» номинациясының жеңімпазы атанған актриса Самал Есләмова өзінің тәрбиелік мағынасы жоқ фильмдерге түспейтінін айтты. Ләйлә Сұлтанқызының «The Эфир» интернет-бағдарламасында қонақта болған ол фестивальден кейінгі өміріндегі өзгерістері мен алдағы жоспары туралы әңгімеледі.

Самал Есләмоваға Канн кинофестивалінен кейін отандық фильмге шақыртулар түсе бастаған. Бірақ актриса қазаққа жат ерсі әрекеттері бар киноларда ойнай алмайтынын жеткізді. Айтуынша, оған көбінесе ана рөлін сомдау бұйырады екен.

«Маған фильмде қандай рөлдер қиын болады деп ойлап көрмеппін. Енді қазақпыз ғой, құшақтасып, сүйісетін рөлдерді ойнай алмайтын едім. Маған ондай рөлдер қиын болатын шығар. Менің жан-дүниеме жақын емес. Ал басқа рөлдерді сомдау мен үшін қиын емес. Егер ойнайтын кейіпкеріңнің айтатын нәрсесі болса, онда оны алып шығу қызық болар еді. Ал жаныңа жат нәрсені ойнап, алып шығу оңай емес. Бірақ көрермендер шынайы шықты деп айтса, қандай жақсы», - дейді Самал Есләмова.

Бұдан басқа актриса алдағы уақытта шетелдік фильмдерге түсуге шақыртулар болып жатса, бас тартпайтынын жеткізді.

Айта кетейік, Самал Есләмова түскен режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмі Қазақстанда қыркүйек айынан бастап көрсетілмек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары